USD
USD
USD

Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін

 Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы кәрі құрлықта індеттің жаңа толқынын болжады.

Омикрон штамы Еуропада індеттің кезекті толқынын тудыруы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сарапшылардың айтуынша, аймақта эпидахуал күн өткен сайын ушығып барады. Данияда омикрон штамына шалдыққандардың қарасы көбейді. Ал Францияда вирустың бұл түрін науқастардың бестен бір бөлігі жұқтырған. Испанияда бір күнде тіркелген дімкәс жандардың саны 50 мыңға жуықтап антирекорд орнады. Германия мен Ұлыбританиядағы ахуал да мәз емес. Жағдайдың нашарлауына байланысты кәрі құрлық елдерінің басшылары жаңа шектеулер енгізе бастады. Мамандар халықты барынша үйден шықпауға шақырады. Кей мемлекеттер коменданттық сағат жариялады. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде коронавирустың омикрон штамы әлемнің 106 елінде тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич