USD
USD
USD

Омикрон нұсқасы Дельта штамына қарағанда жұғу жылдамдығы 36% жоғары

 Оңтүстік Африкада коронавирустың жаңа Омикрон нұсқасының таралуы туралы деректерді талдау барысында дәрігерлер оның SARS-CoV-2 бастапқы нұсқасынан екі есе жұқпалы, ал дельта штамынан 36% жылдам жұғады деген қорытынды жасады.

Омикрон нұсқасы Дельта штамына қарағанда жұғу жылдамдығы 36% жоғары
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Талдау нәтижесі medRxiv сайтында жарияланды. Омикрон - коронавирустың жаңа түрі (B. 1.1.529). Ол Оңтүстік Африка мен Африканың басқа мемлекеттерінің аумағында осы жылдың күзінің соңында тарала бастады. Қазір әлемнің 80-нен астам мемлекетінде анықталды. Ғалымдардың пікірінше, Омикрон Дельта штамына қарағанда әлдеқайда жұқпалы, бірақ әзірге дәрігерлер бұл тұжырымды толық растау үшін жеткілікті мәліметтер жинаған жоқ. Жаңа зерттеуде Колумбия университетінің (АҚШ) профессоры Джеффри Шаманның басшылығымен америкалық дәрігерлер бұл олқылықтың орнын толтырды.

Ғалымдар Оңтүстік Африканың Гаутенг провинциясындағы соңғы бірнеше аптадағы мәліметтерді талдады. Осы деректерге сүйене отырып, зерттеушілер Оңтүстік Африкада SARS-CoV-2 таралуының компьютерлік моделін құрастырды. Онда жергілікті дәрігерлердің инфекцияны қаншалықты жиі анықтағаны, ПТР сынақтары және вирус үлгілеріне геномдық талдау жүргізілгені ескерілді. Шаман мен оның әріптестері пандемияның бірінші және кейінгі толқындары кезінде COVID-19 қоздырғышының қалай тарағанын салыстырды.

Қазір оқып жатыр

18 жастағы Сәтпаевты «Бернли» бапкері бүкіл командаға үлгі етті

Дастан

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны