USD
USD
USD

Омикрон енді Замбияда анықталды

Замбияда алғаш рет коронавирустың омикрон штамы анықталды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Силвия Масебо сенбі күні мәлім етті.

Омикрон енді Замбияда анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Замбия территориясында үш адамнан коронавирустың омикрон штамы анықталды», - деп мәлім еткен министр Zambia-24 ақпарат порталында.

Қауіпті инфекцияны жұқтырғанның бірі - вакциналанған ер адам. Ол жақында шет елден келген.

Екіншісі де ер адам, ол да вакцина алған әрі шетелге сапарлаған.

Үшіншісі - әйел адам, бірақ ол шетелге шықпаған.

Үш науқас та қазіргі кезде ұлттық кардиологиялық ауруханаға жатқызылған.

Замбия - коронавирустың омикрон штамы анықталған африкадағы жетінші ел. Бұған дейін ОАР, Зимбабве, Гана, Ботсвана, Нигерия және Мозамбик елдерінен коронавирустың осы штамы шыққан еді.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі