USD
USD
USD

Омикрон дельтаны басып озуы мүмкін

  Омикрон штамы таралу қарқыны бойынша дельтаны басып озуы мүмкін.

Омикрон дельтаны басып озуы мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы АҚШ-тың жетекші вирусологы Энтони Фаучи мәлімдеді. Айтуынша, қазірдің өзінде елдің кейбір аудандарында ауырғандардың жартысына жуығы жаңа штамды жұқтырғандар. Эпидахуалдың ушығуына  қолайсыз ауа райы да әсер етуде. Салдарынан рождестволық қойылымдар кейінге шегеріліп, оқу орындары онлайн форматқа ауысуда. Осы уақытқа дейін амеркиалықтардың 30 процентке жуығы ғана бустер дозасын алып үлгерді. Естеріңізге салайық, ДСҰ-ның мәліметі бойынша жаңа штам қазірдің өзінде әлемнің 89 елінен табылды.

Френсис Коллинс, АҚШ-тың ұлттық денсаулық сақтау институтының директоры:

– Ковидтің бұл түрі өте жылдам таралады. Омикрон 57 рет мутацияланған және бұрын-соңды болмаған штамм. Сондықтан тұрғындар маска тағып, вакциналануы тиіс. Вирусты осылай ғана жеңе аламыз. Егер адамдар екпеге немқұрайлы қараса, алдағы айда жағдай қиындауы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі