19 Сәуір 12:46

"Омбы-Майқапшағай" жолын жөндеуші компаниялар құқық қорғау органдарының "назарына" ілінді

Фото:
Шығыс Қазақстан облысындағы "Қалбатау-Майқапшағай" автомобиль жолын жөндеуге тағы екі жыл қажет.

Бұл туралы үкімет кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Алматы, NEGE. "Қалбатау-Майқапшағай жолын үш жылдан бері салып жатырмыз, тағы екі жыл қажет. Қиындықтар бар. Осы құрылысқа қатысқан компанияларға қатысты үлкен мәселелер бар, соның ішінде құқық қорғау органдарының сұрағы бар. Сапа, қаражатты жұмсау бойынша. Менің ойымша, олар толыққанды ақпаратты алдағы уақытта хабарлайды", – деді Скляр.

Бұған дейін сенатор Ольга Булавкина миллиардтар бөлінген "Қалбатау-Майқапшағай" автожолын салу жобасы 29% ғана орындалғанын айтқан. Жұмыс негіщі 2022 жылғы 27 шілдеде аяқталуға тиіс болған. Жобаның құны 155 млрд теңгені құрайды, бас мердігер 86 млрд теңге сомасында аванс алған. Қаржыландыру көзі – ҚХР "Эксимбанкінің" қарызы және республикалық бюджет. 

QazAvtoJol мәліметтері бойынша, жобадағы жұмыстарды China Xinxing Group (барлығы 211 км) компаниясы мен "ҚазГерСтрой "БК" ЖШС (барлығы 204 км) құрылыс консорциумы орындайды. Жүргізілетін жұмыстардың сапасын бақылауды "ЮВПЭК-Астана"ЖШС жүзеге асырады.

Тегтер: