USD
USD
USD

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Қазақстан футбол федерациясы басшысы Марат Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағында шыққан өрттің алдын ала себебі анықталды. 

өрт
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. 30 сәуір күні Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында орналасқан картон зауыты аумағындағы қойма ангарында өрт шықты. Тілсіз жау 2800 шаршы метр аумақты қамтып, төрт сағаттан кейін толық сөндірілді.

Өртті сөндіру жұмыстары оңай болмады. Себебі қоймада жанғыш материалдар, әсіресе престелген картон қораптар көп болғандықтан, жалын тез тараған. Жоғары температураның әсерінен металл шатырдың бір бөлігі опырылып, өрт ошағына жетуді қиындатқан.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Қазір арнайы жылжымалы зертхана тексеру жүргізіп жатыр. Нақты қорытындысы кейін белгілі болады.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Нұрғалиева өрттің «KZ Recycling» ЖШС аумағында болғанын нақтылады.

eGov порталындағы дерекке сәйкес, бұл компанияның құрылтайшысы ретінде Омарова Шолпан Жұматайқызы тіркелген. Ал KASE мәліметтерінде аты-жөні дәл осындай адам Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаровтың анасы ретінде көрсетілген.

Бұған дейін Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Alma City-5 тұрғын үй кешенінің тұрғындары «KZ Recycling» зауытын көшіру мәселесін көтерген еді. Олардың айтуынша, зауыттан шығатын түтін қоршаған ортаға зиян келтіреді.

Айта кетейік, 2024 жылдан бері «KZ Recycling» компаниясы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін үш рет жауапкершілікке тартылып, жалпы 49,9 млн теңге айыппұл төлеген.

Қазір оқып жатыр

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Пашинян

Қазақстанда интернет неге дұрыс істемей қалды?

.

57 жастағы әуесқой ұшқыш өзі құрастырған ұшақпен апатқа ұшырады

.

Арменияда парламент сайлауы басталды

.