USD
USD
USD

Олжас Сүлейменов «Ұлттық игілік» сыйлығының лауреаты атанды

Олжас Сүлейменов «Ұлттық игілік» сыйлығының алғашқы иегері атанды. 

Олжас Сүлейменов «Ұлттық игілік» сыйлығының лауреаты атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ұлттық игілік» сыйлығымен Қазақстанның ғылымын, экономикасын, әдебиеті мен өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан халық мойындаған көрнекті қайраткерлер марапатталатыны хабарланды. «Ұлттық игілік» сыйлығының лауреатына диплом-сертификатпен қатар «AltinBasak» пластина-медалі табысталады. Мұндай алтын пластиналар Шыңғыс хан заманынан бері және кейінірек Қазақ хандығында Ұлы даланың лайықты адамдарына берілген.

«Ұлттық игілік» сыйлығының теңгеге шаққанда белгілі бір материалдық құны бар. Сыйлықтың тұңғыш лауреаты – Қазақстанның халық ақыны, көрнекті саяси және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов. Сыйлықты табыстау рәсімі Алматыда, Достық үйінде өтті.

Қазір оқып жатыр

Алатау қаласында алғашқы зәулім ғимараттың құрылысы басталды

Алатау қаласы

Түркияда қазақстандық әйел алтыншы қабаттан құлап көз жұмды

DHA

Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкерлігінен кетті

Футбольный клуб «Кайрат»

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сайлау шығыны бекітілді

Құрылтай сайлауы