USD
USD
USD

Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды

Белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Алматыда коронавирус жұқтырды.

Олжас Сүлейменов пен әйелі коронавирус жұқтырды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы белгілі қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Олжас Сүлейменов пен оның әйелі Маргарита Владимировна Алматыдағы медициналық мекемелердің бірінде болған.

"Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды Ғабдуллин.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты ауруханаға жатқызылғанын растады.

Қазір оқып жатыр

СІМ қазақстандықтарды елге қайтару үшін Ресеймен келіссөз жүргізіп жатыр

СІМ

Қазақстан он матч бойы сырт алаңда жеңбеген Молдоваға есе жіберді

Ұлттық құрама

Air Astana Алматы–Токио бағытында тіке әуе рейсін ашады

Ұшақ

Жалақы кешіктірілсе, жұмыс берушіден ақшаны өсімпұлмен қалай өндіруге болады?

Тиын мен әмиян