USD
USD
USD

Олжас Сүлейменов партиясын қайта жандандырмақ

Ақын арнайы баспасөз концеренциясын ұйымдастырып, партия құратынын жариялады.

Олжас Сүлейменов партиясын қайта жандандырмақ
Фото: NEGE.kz

Ол партиясын Қазақстан халық конгресі деп атамақ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астана, NEGE.  «Халық монотілді. Қазақ немесе тек украин, орыс тілінде бола алмаймыз. Біз совет одағы кезінде монотілді мемлекет ретінде қалыптасып қойдық. Өз ойымызды қазақ тілінде де, орыс тілінде де жеткізе аламыз. Сол себепті осы тілдердің бірін шектеуге болмайды. Бұл зиян. Біз қазір Украинада не болып жатқанын көріп отырмыз. Онда дарынсыз саясаткерлер бір тіл ретінде украинды бекітті де, ақыры Украина өзінің мемлекеттігін жоғалтып алды», - дейді Олжас Сүлейменов.

Партия құрғысы келетін Олжастың оң жағында «Хабар» арнасын басқарған Ерлан Бекқожин, ал сол жағында депутат болған Омархан Өксікбаев отырды.

Жалпы «Қазақстан халық конгресі» партиясы 1991 жылы қазанда құрылған. Яғни бұл жолы Олжас Сүлейменов оны жандандырғалы отыр. Әу баста олар өзін либералды-демократиялық саяси қозғалыс ретінде көрсетті. Оның тең төрағалары ақын Мұхтар Шаханов пен Олжас Сүлейменов болды. 1993 жылы Шаханов партиядан шығып, Қырғызстандағы елші атанды. 1995 жылы Сүлейменов Италияға Қазақстанның елшісі болып кетті де, партия саяси сахнадан бірте-бірте жоғалып кеткен. 2022 жылдың ақпан айының соңында Сүлейменов «Қазақстан халқы конгресі» қозғалысының жанданатынын жариялады.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park