USD
USD
USD

Олжас Шаяхметов: Туған атамды үлгі тұтамын

«Ішкі істер саласы – нағыз жүректілер қызмет ететін еңбек майданы», – дейді полиция аға лейтинанты Олжас Шаяхметов. 

Олжас Шаяхметов: Туған атамды үлгі тұтамын
Фото: NEGE.kz

Олжастың бала арманы форма киіп, ішкі істер саласында қызмет ету болған екен. Арман жолында аянбай тер төккен кейіпкеріміз 2017 жылдан бері осы салада еңбек етіп келеді. Ол – Қазақстан Республикасы ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын тәмамдаған. Бүгінде СҚО-дағы Новомихайловка ауылдық округінің тыныштығына жауапты Олжас бос уақыты бола бермейтінін айтады. 

«Шынымды айтсам, бізде бос уақыт жоқтың қасы. Жұмысқа ерте кетіп, кеш келемін. Басында осыдан қатты қиналдым. Кейіннен етіміз үйренді. Мамандығымды өте қатты жақсы көремін», – деді О. Шаяхметов.

Жұмыстан бос уақыты табыла қалса, спортпен айналысу басты хоббиім дейді. 

«Негізінен күресті жақсы көремін. Грек-рим күресімен айналысамын. Ол қызмет барысында әйтеуір бір қажет болатынын білемін. Дене дайындығынан өзге ми дайындығына да көңіл бөлген жөн. Ойды жинақтау үшін биллиард ойнағанды жақсы көремін», – дейді аға лейтинант.

«Соңғы рет қандай кітап оқыдыңыз?» деп сұрағанымызда: «Өз салама қатысты заңдар жинағын жиі парақтап тұрамын», – деген жауап алдық. 

Кейіпкеріміз өмір жолында туған атасын үлгі тұтатынын айтты. Шаяхмет ақсақал екінші дүниежүзілік соғыстың бел ортасында жүріп, елге батыр болып оралған екен. Сол батылдық балаларына дарып, немерелеріне қонса керек Олжас Бақытұлы «Отанға қызмет ету – ең басты мақсатым» деген ұстаныммен өмір сүріп келеді. 

«Өмірлік ұстанымым, ең басты мақсатым – Отанға қызмет ету! Өмір жолымда туған атам Шаяхмет Құжымовты үлгі тұтамын. Ол кісі – соғыс ардагері. Отбасымызда тек менің тегім Шаяхметов болып жазылған, басқаларының бәрі Құжымовтар. Мені бәрі сол себепті «атасының жолын қуған азамат» деп атайды. Болашақта атамның атын шығарып, генерал болуды арманймын», – деп аға лейтинант Олжас Шаяхметов сөзін аяқтады. 

Ол 2020 жылдан бері Новомихайловка ауылдық округіне қарасты 6 ауылдың тыныштығын күзетеді. Бұл өңірде жалпы саны 2278 азамат тіркелген. Олжас жергілікті полиция қызметін «полиция қадамдық қолжетімділікте» қағидаты бойынша реформалау кезінде СҚО-да ең алғаш болып үй алған-ды. 

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

.

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

.

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

.

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Жақсылық Омар