USD
USD
USD

Олжас Смағұлов Алматы қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен Олжас Смағұлов тағайындалды.

Олжас Смағұлов
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Ол Алматы қаласында дүниеге келген.

Олжас Мұхтарұлы Америкалық құрлықаралық университетін, Помона қаласындағы Калифорния мемлекеттік политехникалық университетін, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін және Лондон экономика және саясаттану ғылымдары мектебін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық және ақпараттық-талдау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Атырау облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасында басшылық қызметтер атқарды. Премьер-Министр Кеңсесінің әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас сарапшысы болды.

2015–2019 жылдар аралығында Ақтөбе облысында бірнеше басшылық қызметте жұмыс істеді.

2019–2021 жылдары Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының орынбасары, Премьер-Министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2021 жылы қарашадан бастап осы уақытқа дейін Президент Әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде болды.

Қазір оқып жатыр

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.