USD
USD
USD

Олжас Бектенов жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов жасанды интеллектіні одан әрі дамыту үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі деректер қорының қолжетімділігі бойынша бірыңғай тәсілдер әзірлеуге ерекше назар аударды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, ақпараттардың дер кезінде беріліп, өзекті әрі дұрыс болуын қамтамасыз ету үшін деректерді жинау, сақтау және қорғау жұмыстарын регламенттеу тапсырылды.

Премьер-министр жасанды интеллектіні қолданудың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өте маңызды мәселе екенін атап өтті.

«Дербес деректерді қорғау, киберқауіпсіздік, жасанды интеллектіні қолдану арқылы қабылданған шешімдер үшін жауапкершілік мәселесі және этикалық нормалар қамтылуға тиіс. Ол үшін тиісті заңнамалық шаралар мен нормативтік құқықтық актілерді қабылдау керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Цифрлық даму министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын енгізіп, іске асырып жатқан өндіріс орындар қолдаудың нақты шараларын әзірлеу тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала