Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның отырысын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Бұған дейін қабылданған шешімдердің орындалу нәтижелері қаралып, Қайтарылған активтерді басқару компаниясының жұмысы туралы есеп тыңдалды. Шамамен 610 млрд теңгенің активтері, атап айтқанда, 506 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат, сондай-ақ құны 103 млрд теңгеден астам мүлік қайтарылды.

Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларындағы 280 әлеуметтік нысанды жүзеге асыруға, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінді. Кезекті отырыс қорытындысы бойынша Комиссия заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке ерікті түрде қайтару туралы бірқатар келісім жасауды мақұлдады. Арнаулы мемлекеттік қорға қосымша 150 млрд теңге бағытталады.

Сонымен қатар «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң субъектілері Қазақстан экономикасына $10,5 млрд инвестиция салу бойынша міндеттеме алды. Сонымен қатар Комиссия «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» ҚР Заңының күші қолданылатын тұлғаларға қатысты жалпы сомасы 84 млрд теңгеден астам активтерді мемлекет кірісіне айналдыру туралы сотқа талап-арыз беруді қолдады.

Қазір оқып жатыр

Инклюзия: мүмкіндік тең болған жерде қоғам да өзгереді

«Ауыл» партиясы

Шымкентте Нұрайдың өліміне кінәлі деп танылған Шерхан Аймаханға үкім шықты

Шерхан мен Нұрай

Таиланд әуежайында жүкті иесіне ескертпей ашатын өзгеріс енгізілмек

Таиланд

«Сайлау-2026»: сарапшылар сайлаушылар белсенділігі мен теледебаттардың рөлін бағалады

kisi.kz