2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Олжас Бектенов туристердің еліміздегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын әзірлеуді тапсырды

Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізде туристердің жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Қазақстандағы туризм
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. «Қазақстан қашанда өзінің қонақжай қасиетімен танымал, сондықтан біз осы артықшылығымызды сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Атап айтқанда, туризм және спорт министрлігі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, ұлттық туристік порталдың, eQonaq көші-қон сервисінің, такси қызметтерінің және туристерге арналған басқа да пайдалы ресурстардың функционалын кеңейту жұмысын жүргізуді тапсырды.

Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау министрліктеріне туристердің қауіпсіздік шараларын күшейтіп, шетел азаматтары үшін көптілді жедел желіні енгізу мәселесін пысықтауы қажет. Барлық туристік локациялар көптілді ақпаратпен қамтылу мәселесін пысықтау тапсырылды.

Туризм министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, бір ай мерзімде шетелдік туристердің Қазақстанда жайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур