USD
USD
USD

Олжас Бектенов ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Душанбе қаласында (Тәжікстан) Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымына мүше елдер үкіметтері басшыларының кеңесінің отырысына қатысты.
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Шағын және кеңейтілген құрамда сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, ауыр және жеңіл өнеркәсіп саласындағы өзара іс-қимыл, авиациялық қатынас, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің әуе қозғалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.

Отырысқа Әзербайжан Республикасының Премьер-министрі Әли Асадов, Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин, Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы — Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиев, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Тәжікстан Премьер-министрі — ТМД ұйымына мүше елдер үкіметтері басшылары кеңесінің төрағасы Кохир Расулзода, Өзбекстан Республикасының Премьер-министрі Абдулла Арипов, Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Ходжамурад Гельдымурадов, сондай-ақ ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев қатысты.

Кеңес жұмысы аясында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның ТМД ұйымына мүше елдер делегацияларының басшыларымен ұжымдық кездесуі өтті.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек