USD
USD
USD

Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің басшысы Питер Костелломен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті. Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты.

Shell Қазақстанда мұнай-газ саласындағы бірқатар ірі бастаманы, соның ішінде КҚК, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобаларына қатысу, қысқы дизель отынын өндіру бойынша ПМХЗ қондырғысын жаңғырту, сондай-ақ жер қойнауын геологиялық барлау және ғылыми зерттеуді жүзеге асыруда. Кездесу барысында Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына назар аударылып, оны жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды. 

Тараптар қуаты жылына 2,5 млрд м3 ГӨЗ салуды және жаңа жаңа алаңдарды игеруді көздейтін 2А және 2B кезеңдерін іске асыруды жеделдету жоспарларын қарады.

Премьер-министр Қазақстан Үкіметінің одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.