Референдум Референдум
USD
USD
USD

Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басшысы Ли Вэймен көмір химия зауытын салу мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэймен кездесу өткізді. Онда энергетика саласындағы ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанда көмір химия зауытын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. QazaqGaz және Shandong Energy Group Co. компанияларының Қарағанды облысындағы көмірден газ өндіретін көмір химия зауытының құрылысы бойынша бірлескен жоспарларына назар аударылды.

Жобалық қуаты жылына 2 млрд м3 газды құрайды. Өндірісті іске қосу Қазақстанның көмір-химия саласының дамуына жаңа серпін береді. Газдың қосымша көлемі, 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу, экономиканы әртараптандыру, жаңа технологияларды дамыту, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтеді деп күтілуде.

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі Қытай Халық Республикасымен экономиканың түрлі салаларында, оның ішінде көмір химиясы саласында өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға баса мән беретіне тоқталды. Shandong Energy Group Co. басқарма төрағасы Ли Вэй Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға және өнеркәсіптің келешегі зор бағытына инвестиция салуға мүдделі екенін айтты.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жоспарды жүзеге асыру үшін сындарлы диалогқа ниетті екенін жеткізді. 

Анықтама: Shandong Energy Group Co. (SEG) – Қытайдың энергетика, көмір және көмір химиясы саласында көп жылдық тәжірибесі бар жүйе құраушы кәсіпорын. Инновациялық тәсіл арқылы компания ҚХР-да көміртегі, метанол және көмір негізінде өндірілетін басқа да химиялық өнімдерді өндіруде көшбасшы болды. SEG-тің ҚХР провинцияларында және 17 елде орналасқан 608 еншілес кәсіпорны бар.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда