USD
USD
USD

Олжас Бектенов сарапшылармен ел экономикасын дамыту жолдарын талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде ел экономикасының даму бағыттары мен өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Кездесу барысында экономист мамандар жаһандық нарықтағы қазіргі ахуал жөнінде өз талдауларын ұсынып, ұлттық экономикаға ықпал ететін негізгі факторларды атап өтті. Сондай-ақ экономикалық өсімді қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар ұсыныстар да білдірілді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі сынды маңызды салаларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Үкіметтің тиімділікке басымдық бере отырып, артық шығындарды оңтайландыру және бюджетті маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі жұмыстары қаралды.

Талқылау нәтижесі бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне ұсыныстарды пысықтап, нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Үкімет 2027 жылға қарай статистикалық есептіліктердің санын 50 пайызға қысқартатынын хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар