USD
USD
USD

Олжас Бектенов РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Чернышенкомен кездесу өткізді.

Дмитрий Чернышенко
Фото: Үкімет

Аcтана, NEGE. Онда цифрландыру, инновация, спорт, туризм және білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің сенімге құрылған диалогы мен ұдайы хабар алысып тұрғанының арқасында тұрақты экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар орныққанын атап өтті. 

Екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестік пен одақтастық бағытында дамуда. 2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында өзара тауар айналымы $12 млрд құраған. Екі мемлекет басшыларының тапсырмасы бойынша өзара сауданы $30 млрд-қа дейін ұлғайту бойынша жоспарлы жұмыс жүруде. Сапар аясында Дмитрий Чернышенко бірқатар нысандарға барады.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, сондай-ақ ММУ және ММХҚИ-дың қазақстандық филиалдарының қызметімен танысады.

Қазір оқып жатыр

«Бізде бай депутаттар көп емес»: Айдос Сарым әріптестерінің әл-ауқаты туралы айтты

Айдос Сарым

«Суды ысырап етуге жол бермеу керек»: Тоқаев су тапшылығына қатысты талап қойды

көлік жуу

1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері көтеріледі

Кредит

​Байлар көбірек салық төлеуі мүмкін: Президент жаңа ұсыныс айтты

Квазимемлекеттік сектор