USD
USD
USD

Олжас Бектенов Phygital International басшысы Рене Фазелмен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы, доктор Рене Фазелмен және ұйымның бас директоры Нис Хаттпен кездесу өткізді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды. 2026 жылы Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды.

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов дайындық бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын баяндады.

ҚР Киберспорт федерациясының деректеріне сәйкес, бүгінде 1,5 млн-нан астам қазақстандық белсенді түрде киберспортпен айналысады. Жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек.

Кездесуге қатысушылар фиджитал-спортты дамыту бойынша ынтымақтастықты нығайту жөніндегі ниеттерін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Бектенов ҚТЖ басшысына ескерту жасады

Олжас Бектенов

Нұрлан Сабуровтың әйелі де Қазақстанға көшіп келген

Сабуровтар

«Аяғы шайналып кетті»: Қызылордада ойын-сауық саябағында жас жігіт ауыр жарақат алды

оқиға орны

«Енді тек түсіндірумен шектелмейміз»: заңсыз жұмыс істеп келген саудагерлерге қатаң ескерту жасалды

Базар