USD
USD
USD

Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Ресей Федерациясына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин арасында екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Ақорда
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Екі мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруға, оның ішінде өзара тауар айналымын $30 млрд-қа дейін арттыруға назар аударылды. Көлік-транзиттік ынтымақтастық, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, энергетика және газ, ғарыш салаларындағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстардағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Өткен жылы екіжақты тауар айналымы көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-қа жетті.

Бизнес субъектілері 45,4 мыңға жуық жұмыс орнын ашу арқылы бірлесіп 171 жобаны іске асырады. Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі – агроөнеркәсіп кешеніндегі өзара іс-қимыл. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес, екіжақты негіздегі өзара шектеулерді алып тастау нәтижесінде саладағы тауар айналымы 4,5%-ға өсіп, $3,8 млрд-ты құрады. Көлік-транзиттік бағытта өткен жылдың қорытындысы бойынша «Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық дәлізінің Шығыс тармағы бойынша жүк ағынының көрсеткіштері 2,4 млн тоннаға дейін өсті.

Тараптар өзара сауданың оң динамикасын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Екіжақты сауда айналымын арттыруда және өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін шешуде Ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның қызметі ерекше маңызға ие. Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту ниеттері расталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі