USD
USD
USD

Олжас Бектенов пен Нигерияның Ифе Королі Оони Адейейе Энитан Огунвуси ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізге Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген Нигерия Федеративті Республикасы Ифе Королі Оони Адейейе Энитан Огунвусимен кездесті.

Оони Адейейе Энитан Огунвуси
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Биылғы 14 қаңтарда «Абу-Дабидің орнықты даму апталығы» халықаралық саммиті аясында қол жеткізілген Қазақстан мен Нигерия президенттері арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастыққа, АӨК, көлік және логистика, энергетика, геологиялық барлау, цифрлық технологиялар және басқа да салалардағы өзара іс-қимылға назар аударылды.

Өткен жылы Қазақстан мен Африка елдері арасындағы жалпы тауар айналымы 15,4%-ға өсіп, $789,2 млн-ды құрады. Аграрлық сектолрда қазақстандық бидайды Нигерияға жеткізілу келешегі қарастырылды.

Көлік және логистика саласында Орта дәліз Қазақстанға Солтүстік және Батыс Африка нарығына тауар экспорттау үшін мүмкіндіктер ашады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Нигерия арасындағы екіжақты өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге жәрдемдесуге ниетті екенін растады.

Қазір оқып жатыр

«Біздің армия өткен ғасырда қалып қойған»: Тоқаев әскери реформаны он күнде әзірлеуді тапсырды

Ақорданың баспасөз қызметі

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов