Референдум Референдум
USD
USD
USD

Олжас Бектенов пен Мажарстан Президенті экономикалық ынтымақтастық пен келісімдер мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жоспарларын талқылады.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға, көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы салалардағы өзара іс-қимыл, жасанды интеллект пен цифрландыруды енгізу және басқа да өзекті мәселелерге назар аударылды.

Кездесуге қатысушылар өзара сауданы одан әрі арттырудың зор мүмкіндігін атап өтті. Қазақстан Мажарстанға экспортты 95 тауар түрі бойынша арттыруға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ жаңадан құрылған Қазақстан-Мажарстан инвестициялық қоры бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.

Серіктестіктің негізгі бағыттарының бірі – көлік-логистика саласы. Қазақстанның Еуропалық Одаққа экспортын кеңейту мақсатында Будапешт агломерациясында интермодальды жүк терминалын салу бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыру перспективалары талқыланды.

Сонымен қатар ЖИ технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықтың стратегиялық басымдығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Үкіметі жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық уағдаластықтың сапалы орындалуын ерекше бақылауға алатынын баса айтты.

Өз кезегінде, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок Қазақстандағы инвестициялық ахуалды жоғары бағалап, қазақ-мажар ынтымақтастығын одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда