USD
USD
USD

Олжас Бектенов көмір мен мазут жеткізу мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов жауапты министрлер мен облыс әкімдерінің назарын стансаларды отын қорымен қамтамасыз етуге аударды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Конкурстық рәсімдердің кеш өткізілуіне байланысты сұрақтар туындап отырғаны баса айтылды.

Мәселен, Энергетика министрлігі стансаларға арналған мазутты тым кеш, яғни 15 тамызда үлестіріп берді. Логистиканы, қауырт жұмыс барысында туындайтын цистерна мен вагон тапшылығын және басқа да мәселелерді ескеретін болсақ, мазут пен көмір қоры уақтылы дайындалады дегенге сену қиын.

«Біз Үкіметте көмір тасымалында дүрбелең туғызбай, вагон тапшылығын болдырмау үшін шарттарды ерте жасау, жеткізу кестелерін бекіту қажеттігі туралы бірнеше рет айттық. Өнеркәсіп және көлік министрліктеріне көмір мен мазут жеткізу бойынша ҚТЖ мен өңірлердің міндеттемелерін орындау мәселелерін қатаң бақылауда ұстауды тапсырамын», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында шенеунік жол жөндеуге бөлінген 78 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді

сыйақы

«Қамтамасыз етуде мәселе жоқ»: «СК-Фармация» басшысы Әбеновтің мәлімдемесіне жауап берді

сапасы

Алматыда «Ұмай» ипотекасы дүрбелең туғызды: Отбасы банк себебін түсіндірді

кезекте тұрған әйелдер

Иран азаматы асқазанындағы 113 капсула апиынмен Қазақстан аумағына кірмек болған

Күдікті