USD
USD
USD

Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына жаңа министрді таныстырды

Премьер-министр Олжас Бектенов Көлік министрлігі ұжымына Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған ведомствоның жаңа басшысы Нұрлан Сауранбаевты таныстырды.

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Таныстыру барысында Нұрлан Сауранбаевтың көлік саласындағы тәжірибесін атап өтті. Премьер-министр Мемлекет басшысының министрлік ұжымы алдына қойып отырған басым міндеттерді атап өтті. Соның ішінде, Қауіпсіздік кеңесі отырысында берілген тапсырмаларды ескере отырып, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шеңберінде порттарды, логистикалық хабтарды, халықаралық авто және теміржол дәліздерін дамыту қажет. Сондай-ақ автожол саласын дамытуға, әсіресе ірі жобалардың жүзеге асырылу сапасын бақылауға назар аудару тапсырылды.

Авиация саласында басым міндеттер қатарында инфрақұрылымды жаңғырту, әуежайлар салу және реконструкциялау, халықаралық бағыттар желісін кеңейту, сондай-ақ жалпы мақсаттағы авиацияны дамытуды атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Каспийдегі қайғылы оқиға: қабылданған шешімдер хронологиясы

Қаза тапқан әскерилер

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Маңғыстау

Айдос Мырзахметов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Айдос Мырзахметов

Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қызметінен алынды

Қосанов