USD
USD
USD

Олжас Бектенов Еревандағы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Ереван қаласындағы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысты, сондай-ақ ЕАЭО-ға қатысушы елдердің үкіметтері басшыларымен Одақтың цифрлық күн тәртібін «Заманауи цифрландыру – төрт еркіндікті қамтамасыз ету императиві» үшінші Еуразиялық экономикалық форумы аясында талқылады.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Экономикалық үдерістерді цифрландыру перспективалары талқыланған Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысына Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ Иранның бірінші вице-президенті қатысты.

Премьер-Министр өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО шеңберінде цифрландыруды дамытуға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Форумда қазақстандық тарап қатысушы елдер арасында мемлекетаралық деректер мен электронды құжаттар алмасуға мүмкіндік беретін Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін толыққанды енгізу қажеттігін атап өтті.

ЕҮАК отырысында шағын және кеңейтілген құрамда сауда, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың бірлескен шаралары қаралды.

Қазір оқып жатыр

Қарағанды облысында қызды топ болып зорлаған бес жасөспірім сотталды

Қылмыстық іс

Ақтауда ерлі-зайыпты интим қызмет көрсететін адамды бопсалап, 3 млн теңге талап еткен

әйел

Журналист Александра Алехованың жазасы жеңілдетіліп, кәсіби қызметімен айналысуға рұқсат берілді

Александра Алехова

Ұсталған Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев туралы не белгілі?

Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиев