USD
USD
USD

Олжас Бектенов Екібастұз ГРЭС аумағында энергетиканы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өткізді

Премьер-министр Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Президенттің энергетика саласына қатысты тапсырмаларының орындалу барысын тексерді.

Үкімет
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Олжас Бектенов Екібастұзда ГРЭС-1-ді жаңғырту нәтижелерімен, таза көмір технологиясын пайдалана отырып, ГРЭС-2-ні реконструкциялау және ГРЭС-3 стансасы құрылысы жобаларын жүзеге асырудың басталуымен танысты. Мұнда экономиканың өсіп келе жатқан қажеттіліктері, жаңа өндіріс орындарын іске қосу және белсенді цифрландыру аясында саланы дамыту мәселелері бойынша республикалық кеңес өтті.

Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1 және ГРЭС-2 құрамына кіретін Екібастұз энергия торабы нысандарының жалпы белгіленген қуаты 5 мың МВт-қа жетеді, бұл Екібастұзды электр энергиясын өндіруде стратегиялық маңызды орталыққа айналдырады. Жалпы, Павлодар облысы республикадағы электр энергиясының 40%-дан астамын өндіреді.

ГРЭС-1-ді жаңғырту аясында өткен жылдың желтоқсан айында қуаты 540 МВт болатын №1 энергоблок қалпына келтіріліп, пайдалануға берілді. 2026-2028 жылдары отынмен қамтамасыз ету жүйелерін реконструкциялау және жаңа түтін мұржасын салу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар процестерді автоматтандыру, шығарындыларды бақылау және қандай да бір оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша баяндама жасалды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай