USD
USD
USD

Олжас Бектенов Беларусь Премьер-министрі Александр Турчинмен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшыларының кеңесіне қатысу үшін Душанбе қаласына барды.

Үкімет
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Онда Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчинмен екіжақты кездесу өтті.

Кездесу барысында Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланып, үкіметаралық өзара іс-қимылды күшейту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске асыруды үйлестіру қажеттігі атап өтілді.

2024 жылы Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы $900 млн-ға жетті, биылғы бірінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6%-ға артып, $200 млн-ға жуықтады. Тараптар ынтымақтастықты жандандыруға және іскер топтар арасындағы байланыстарды нығайтуға жәрдемдесу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ кездесу соңында ТМД шеңберіндегі өзара іс-қимыл келешегі, оның ішінде тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және екі ел халқының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бірлескен бастамалар талқыланды.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай