USD
USD
USD

Олжас Бектенов «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының жұмысын жедел жүргізуді тапсырды

Олжас Бектенов «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісі жобасы жұмысын жедел жүргізуді тапсырды.

«Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбыры
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметке азаматтардан газбен жабдықтау мәселесіне қатысты көптеген арыз-шағымдар келіп түсетінін атап өтті. Тиісті мекемелер бірінші кезекте, халыққа сапалы қызмет көрсетуге жұмылдырылуы қажет.

«Туындаған мәселелерді дереу шешу керек. Алматы өңірінің газға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» газ құбырының екінші желісінің жобасы іске асырылуда. Алайда, газ құбырының қорғау аймағында жекеменшік құрылыстардың болуына байланысты жерлерді алу қажеттігі туындап отыр. Алматы облысы мен Алматы қаласының әкімдіктеріне бұл жұмысты жедел жүргізуді тапсырамын», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік

Forbes Kazakhstan сайтына хакерлік шабуыл жасалып жатыр

Арманжан Байтасов

Қазақстандағы үшінші АЭС Қостанай облысында салынуы мүмкін

АЭС

Ақтөбеде генерал-майор мен подполковник сыбайлас жемқорлық күдігімен ұсталды деген ақпарат тарады

Тимур Еспағамбетов