USD
USD
USD

Олжас Бектенов Абай облысының активіне жаңа әкімді таныстырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Абай облыстық мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты.

Берік Уәли
Фото: Үкімет

Алматы, NEGE. Депутаттарға Мемлекет басшысының Абай облысының әкімі лауазымына екі кандидатты – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мен Абай облысы Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдіралиевті ұсыну туралы хаты оқылды.

Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша 126 депутаттың 102-сі Берік Уәлидің кандидатурасына дауыс берді. Болат Әбдіралиевтің кандидатурасын 24 депутат жақтады.

ҚР Президентінің тиісті Жарлығымен Берік Уәли Абай облысының әкімі болып тағайындалды.

Берік Уәли
Үкімет

Облыс активімен кездесуде Премьер-министр өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін Нұрлан Ұранхаевқа алғыс білдірді. Олжас Бектенов облыстың жаңа әкімі Берік Уәлиді таныстырды. 

Алакөл көлінің, өңірдегі тарихи және мәдени орындардың әлеуетін аша отырып, туризм саласына ерекше көңіл бөлу қажет. Абай облысы Ресей және Қытаймен шектеседі, халықаралық транзиттік сауда торабы саналады, сондықтан қолда бар транзиттік әлеуетті барынша пайдалану қажет.

Аягөз-Тачэн бағытындағы теміржол және «Бақты» құрғақ порты құрылысы бойынша маңызды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелерін бақылауда ұстау тапсырылды. Сондай-ақ өңір халқын сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар