USD
USD
USD

Олжас Бектенов 30 немесе одан да көп жыл бұрын алынған географиялық ақпаратты цифрландыруды тапсырды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Ұлттық геологиялық қызмет тиісті қолдау мен өкілеттіктерге ие болып, оның ғылыми-технологиялық инфрақұрылымын дамыту керек. Бұл бағытта «Самұрық-Қазына» қорымен бірлескен жұмысты үйлестірудің маңызы көрсетілген.

Олжас Бектенов
Фото: Үкімет

Астана, NEGE. Үкімет отырысы барысында заманауи технологияларды, оның ішінде жердегі зерттеулерге шығындарды қысқартуға мүмкіндік беретін аэрогеофизикалық түсірілімді пайдалану мәселелеріне де назар аударылды. Осыған байланысты, 30 жыл болған және одан да бұрын алынған геологиялық ақпаратты цифрландыру керек. Бұл деректер әлі күнге дейін қағаз жүзінде немесе пленкаларда сақталып келеді.

Бұдан басқа, инвестицияларды тарту мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары үшін сертификатталған зертханалық растама қажет.

«Кен көздерін барлау жұмыстарының геологиялық және қаржылық тәуекелдері қашанда жоғары.Әлемдік статистикаға сәйкес, геологиялық барлау жобаларының табысты болуы небәрі 20-30%-ды құрайды. Сондықтан Үкімет осы саланы қолдауға, инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдай жасауға, жаңа ынталандыру тетіктерін әзірлеуге және заңнаманы одан әрі жетілдіруге ерекше назар аударады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасайды

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Самұрық-Қазына» өкілдері басшысы ұсталғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Самұрық-Қазына»

«Самұрық-Қазына» басшысының ұсталуы бұрын-соңды болмаған жағдай»: саясаттанушы

Данияр Әшімбаев

Келер жылдан бастап декреттегі әйелдердің зейнетақы жарнасы азаяды

ана мен бала