USD
USD
USD

Олжас Бектенов 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтауды тапсырды

Олжас Бектенов қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтауды тапсырды.

Мал шаруашылығы
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. «Ауыл шаруашылығы министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, қыс айларында ауыл шаруашылығы жануарларын жем-шөппен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 1 қазанға дейін мал азығын дайындау науқанын аяқтасын», — деп тапсырды Премьер-министр Үкімет отырысы барысында.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымды аналық мал басын сатып алу үшін қолда бар ресурстар шеңберінде мал шаруашылығын жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағыттарын енгізу мәселесін пысықтауы қажет.

Қазір оқып жатыр

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

ҰҚК

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов