USD
USD
USD

Өлтіріп, мәйітін өртеген: Алматы облысында жоғалған қыздың денесі табылды

Алматы облысында кәмелетке толмаған баланы айуандықпен өлтіру оқиғасы орын алды. Полицейлер екі күдіктінің ұсталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өлтіріп, мәйітін өртеген: Алматы облысында жоғалған қыздың денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.   Алматы полициясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 27 мамырда оның анасы кәмелетке толмаған қызының (2005 жылы туған) жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

Әйелдің айтуынша, қызы 24 мамыр күні үйден белгісіз бағытта кетіп қалған.

Полицейлер оның жоғалып кетуіне қатысы болуы мүмкін адамдар тобын құрды. Олар Алматы облысында тұратын 1992 және 2001 жылы туған екі ер адам болып шықты. Қыз оларды жоғалған күні көшеде кездестірген.

«Жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында күдіктілер кісі өлтіргенін мойындап, Қапшағай су қоймасынан алыс емес жерде оның денесінің көмілген жерін көрсетті. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, қылмыстың ізін жасырмақ болған күдіктілер қыздың денесін өртеп жіберген.

«Аталған қылмысты одан әрі тергеуді аумақтық принципке сәйкес Алматы облысы бойынша ПБ жүргізетін болады», - деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы