31 Шілде 13:21
...

Олимпиадаға қатыса алмаған Рыбакина видеоүндеу жолдады

Рыбакина
Фото: видео-скрин

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Олимпиада ойындарын жіберіп алғаны үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрап, видеоүндеу жасады.

Алматы, NEGE. Ол Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағанына қатты өкінетінін айтты.

«Құрметті жанкүйерлер, Отандастарым!

Сіздерге Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмағаныма өзімнің қаншалықты ренжігенімді және өкінетінімді айтып хабарлаймын.

Мен командамен бірге дайындалдып, өкінішке қарай, дәл жарыс басталар алдында сырқаттанып қалдым. Дене қызуым қатты көтеріліп, тыныс алуым да қиын болды, дәрігерлер маған кортқа шығуға қатаң тыйым салды. Барлық қазақстандық жанкүйерлерден ақталмаған үміттеріңіз үшін кешірім сұрағым келеді. Бұл жағдай жүрегіме өте қатты тиді, өйткені мен өз командаммен осы Олимпиада ойындарында жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбектендім және медаль жеңіп алғым келді.

Токиода өткен Олимпиадада мен медаль алуға жақын болдым және медаль алу менің үлкен мақсатым болып қала берді. Барлық отандастарыма алғыс айтқым келеді, өйткені әлемнің қай түкпірінде ойнасам да сіздер маған әрқашан қолдау көрсетесіздер. Стадиондарда көк байрағымызды көріп қуанамын. Көп рахмет және кортқа жақын арада ораламын деп үміттенемін», - деді теннисші.