USD
USD
USD

Олимпиададағы сәтсіздік: Ұлттық құрама бапкерлері ауыса ма?

Биылғы Олимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін сәтсіз болды. 

Олимпиададағы сәтсіздік: Ұлттық құрама бапкерлері ауыса ма?
Фото: NEGE.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында "Токио-2020 XXXII жазғы Олимпиада ойындарының қорытындысы" талқыланды. 

Олимпиададағы сәтсіздіктерден кейін Ұлттық құрама бапкерлерін ауыстыру жоспарда бар ма? Nege.kz порталының тілшісі жолдаған сауалға ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов жауап берді. 

Елсияр Қанағатов

«Қазіргі таңда Олимпиаданың қорытындысын әрбір федерация өз ішінде талқылауы керек. Ұлттық Олимпиада комитеті өз тарапынан жарыс кезінде кеткен кемшіліктерді әрбір федерациядан хатпен сұрастырып жатыр. Жиындарға Олимпиада комитетінің атынан біздің мамандар да міндетті түрде қатысады. Әрбір федерацияның ұсынысы бойынша нашар нәтиже көрсеткен спорт түрлерінен бапкерлерді ауыстыру мәселесі қаралады. Жеңіліс болған жерде оған кінәлі адамдар да болуы керек. Оның ішінде тек қана жаттықтырушыларды кінәлаудың қажеті жоқ. Бұл жерде федерацияда істеп жүрген азаматтар мәселені кешенді қарап, сол жиындарда айтылады деп отырмыз. Біз сол ұсыныстарды күтудеміз. Ұсыныстардан кейін нақты шешім шығарамыз», - деді Елсияр Қанағатов.

Қазір оқып жатыр

Ризван Гусейнов: Құрылтай сайлауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы маңызды кезеңге айналады

.

«Самұрық-Қазына» «Қазақстан халқына» қорына 62,2 млрд теңге бөледі

«Самұрық-Қазына»

Алматыда жекеге заңсыз өткен теміржол ауруханасы мемлекетке қайтарылды

Теміржол апаттар медицинасы госпиталі

Ақтауда автогаз құю бекеттеріндегі кезек азайды

Ақтау