USD
USD
USD

Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?

XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөз нәтижелі аяқталды, деп хабарлайды  «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарын қайдан көруге болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігі» АҚ ел аумағында Токио Олимпиадасын және 2022 жылғы Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарын көрсету құқығын иеленді. Келісімшарт қорытындысы бойынша трансляция құнын қолайлы бағада сатып алу туралы ортақ мәмілеге қол жеткізілді.

Қазақстандықтар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport» және «Хабар» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Әлемдік сайыста Қазақстан құрамасынан спорттың 27 түрі бойынша 96 спортшы бақ сынайды. Телеарналардағы олимпиадалық жарыстар кестесі қосымша жарияланады.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев