Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Олимпиада ойындарын қай телеарна көрсетеді?

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова XXXII жазғы Олимпиада ойындарының көрсетілімін ұйымдастыру жұмыстары әлі пысықталып жатқанын айтты.

Олимпиада ойындарын қай телеарна көрсетеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әуелі Ақтоты Райымқұлова биылғы Олимпиадаға баратын спортшылармен қоса делегациялардың саны да қатты қысқарғанын айтып өтті. «Бүгінгі ахуал дүниежүзі бойынша күрделі болып тұр. Сондықтан ресми делегацияның да саны қысқарды. Мысалы бұрынғы жылдары әрбір спортшының жеке бапкері бірге баратын еді. Қазір олардың саны да қысқартылып жатыр. Ресми делегацияның да саны қысқарған. Кім-кімнің баратыны әлі де нақтыланып жатыр», – деді вдеомство басшысы.

Министрдің айтуынша, 16 шілдеде «Air Astana» ұшағымен құрама команданың бірінші рейсі Токиоға ұшады. Ал екінші рейс 27 шілдеде шығуы керек.

«Ойындардың көрсетілімі бойынша Ұлттық Олимпиада комитетімен күнделікті келіссөздер жүріп жатыр. Үмітіміз бар. Ұлттық арналардан болсын, спорттық арналаран болсын Олимпиаданы көрсету бойынша жұмыстарымыздың қорытындысын көреміз деп ойлаймын», – деді Мәдениет және спорт министрі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев