USD
USD
USD

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден өтті

Грек-рим күресiнен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпiров қайтыс болды, - деп хабарлайды Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясы.

Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров өмірден өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, "Барыс", "Құрмет" "Парасат" ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров ағамыз бақилық болды. Батыр ағамыздың Мәскеу Олимпиадасындағы ерлігiне биыл 40 жыл болып еді... Марқұмның барлық туған-туыстарына, отбасына, жора-жолдастарына, барша Қазақстан күресiнiң жанкүйерлеріне қайғырып көңіл айтамыз!", - делінген хабарламада.

Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Дихан ауылы, Свердловск ауданы, Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Қазір оқып жатыр

Президент қазақстандық боксшыларды Азия чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Өзбекстандық блогер Бозжырада көлікпен сорға кіргені үшін айыппұл арқалады

Илхомжан Йолчиев

Полицей мен дәрігерге шабуыл жасайтындарға қатаң шара қолдану керек – Тоқаев

полиция есертеді

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Тоқаев