USD
USD
USD

Олимпиада чемпионы 16 жылға бас бостандығынан айырылды

Ұлтан-Батордың соты Моңғолиялық бұрыны Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы, осы елден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Найдангийн Тувшинбаярды жас кезінен бірге өскен досын өлтіргені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды vesti.kz.

Олимпиада чемпионы 16 жылға бас бостандығынан айырылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылдың сәуір айында Тувшинбаяр мас күйінде ауыр затпен жас кезінен бірге өскен досы, дзюдошы Эрдэнэбилэг Энхбатқа шабуыл жасаған. Жардап шеккен спортшы басынан ауыр жарақат алып, емханаға жеткізілген. Сол жерде ол қайтыс болды. 

Ал Тувшинбаяр 20 күндік қамаудан кейін Моңғолияның ҰОК басшысы қызметінен кеткен. 

38 жастағы Тувшинбаяр 2008 жылғы Пекиндегі Олимпиадада 100 келі салмақта алтын жүлде жеңген болатын. Ал 2012 жылы Лондонда ол дзюдодан күміс жүлде жеңді. Ол сонымен қатар 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында топ жарған. 2017 жылы Будапешттегі әлем біріншілігінде қола жүлде еншілеген. 

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер