USD
USD
USD

Олимпиада чемпиондары 100 млн теңгеден астам сыйақы алады

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токиодағы Олимпиада ойындарында жеңімпаз атанатын спортшыларды қандай сыйақы күтіп тұрғанын айтты.

Олимпиада чемпиондары 100 млн теңгеден астам сыйақы алады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингіде Мәдениет және спорт министрі Олимпиада жүлдегерлері мен бапкерлерін ынталандыру ережесі қалай іске асатынын еске салды.

«Бұл жолғы Олимпиада жеңіске еткен спортшыларға, олардың ұстаздарына, бапкерлеріне арналған әрбір спорт түрі бойынша сыйақы беру туралы ережелер қабылданған болатын. Өздеріңіз білесіздер, осы құжат бойынша бірінші орын спортшы мен бапкер үшін 250 мың доллардан беріледі. Соның ішінде бапкерлердің төлемақысынан 10 пайызы спортшыны ең бірінші тапқан бапкерге беріледі. 80 пайызы спортшыны дайындаған бапкерге беріледі. Қалған 10 пайызы осы 150 мың доллардан, осы спорт түрінен бас бапкерге төленеді», – деді министр.

Ведомство басшысы бұл жерде Олимпиада медалі нақты адал жолмен алынғаны маңызды екенін атады.

«Екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орын 75 мың доллар болып азая береді. Әрине, өзіңіз айтқандай, ең алдымен спорт жетістігінің нақты екені дәлелденген кезде бұл сыйақы теленеді. Заңды түрде осылай негізделген», - деді министр.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай