USD
USD
USD

Олимпиада алауы Токиоға жетті

  Бір жылдық кідірістен кейін Олимпиада алауы Токиоға да жетті.

Олимпиада алауы Токиоға жетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олимпиада алауы Токиоға 120 күндік сапарының соңғы екі аптасында Жапониядағы барлық 47 префектураны аралап келді. «Үміт біздің жолымызды нұрландырады» деген ұранмен саяхаттаған алау 1964 жылы Токио Олимпиадасына арналып салынған Комадзава Олимпиада паркі стадионында салтанатты түрде қарсы алынды. «Мен алау эстафетасын сәтті өткізуге көмектескендерге шын жүректен ризашылығымды білдіргім келеді. Біз бүкіл Жапониядағы адамдардың көмегімен қиын жағдайларды жеңе алдық», - деді Токио губернаторы Коике Юрико.

Алауды үш дүркін паралимпиада ойыншысы Тагучи Аки подиумға алып шықты. Бұған дейін Жапония билігі COVID-19 таралуына байланысты 12 шілде мен 22 тамыз аралығында жарияланған төтенше жағдайға байланысты жазғы Олимпиада ойындарына көрермендерді жібермеу туралы шешім қабылдаған болатын. Ойындар 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді.

Қазір оқып жатыр

Байжансайдағы оқиға: депутат қамауға алынды

.

ERG Бразилиядағы темір кені активтерін сатуға жақын – БАҚ

ERG

«Ғажайып ғасырдағы» Сүлеймен сұлтан Алматыда жанкүйерлерімен кездеседі

.

Қазақстанда қаржы өнімдерінің жарнамасына қойылатын талап күшейеді

банк