USD
USD
USD

Олимпиада-2022: Жаңа рекордтар орнатылды

 Америкалық мәнерлеп сырғанаушы Нейтан Чен Бейжің Олимпиадасындағы қысқа бағдарламада жаңа әлемдік рекорд орнатты.

Олимпиада-2022: Жаңа рекордтар орнатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спортшы бұл бағдарламада 113,97 ұпай жинаған. Бұған дейінгі рекордты 2020 жылы өткен төрт құрлық турнирінде жапондық мәнерлеп сырғанаушы Юдзуру Ханю (111,82 ұпай) орнатқан болатын. Бұл туралы BBC ақпарат агенттігі  хабарлайды. 

 Енді 10 ақпанда Нейтан Чен еркін бағдарламасын көрсетеді. Қысқы Олимпиадада тағы бір рекордты ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден голандық Кьельд Нуис орнатып, тағы бір мәрте чемпиондық атағын сақтап қалды. Нуиз бұл қашықтықты бір минут 43,21 секундта бағындырып, Олимпиада рекордын жаңартты. «Сене алар емеспін. Бұл менің арманым болған, бірақ төрт жыл бұрынғыдай сенімді емес едім», - деді ол тілшілерге. Кьельд Нуис - 28 жыл ішінде ерлер арасында 1500 метрге жүгіруден Олимпиаданың барлық титулдарын жеңіп алған алғашқы, ал тарихтағы төртінші спортшы. Еске салсақ, Олимпиада ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша Швеция 3 алтын медальмен көш бастап келеді.

Қазір оқып жатыр

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов