USD
USD
USD

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту Дирекциясының басшысы 60 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды

Олимпиада түрлері бойынша спортты дамыту Дирекциясының басшысы 60 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны және қарамағындағы қызметкерден 4 млн теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.

Олимпиада
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Спортшыларға арналған спорт залдарын тегін алу мүмкіндігі бола тұра, оларды жалға алу туралы еншілес тұлғалармен мемлекеттік сатып алу шарттары жасалып, оқу-жаттығу жиындарына бөлінген бюджет қаражаты жымқырылған.

Сонымен қатар, басшымен бірге бюджет қаражатын жымқыруға көмектескені үшін Дирекция қызметкері де сотталды.

Мемлекеттік айыптаушы сотқа барлық дәлелдемелерді ұсына отырып, сотталушылардың кінәсіздігі туралы уәждерін жоққа шығарды.

Сот үкімімен әрқайсысына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, басшы 5 жылға, ал оның көмектесушісі 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Еурокубок тек бедел емес: «Қайрат» пен «Тобылдың» жеңісі Қазақстанға не үшін қажет?

«Тобыл» футбол клубының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында төрт теміржолшының қазасына кінәлілерге үкім шықты

сот үкімі

Қазақстанда МӘМС жарнасын төлеу қағидасы жаңартылды: не өзгерді?

МӘМС

«Қазақстан барысы» атанған Айбек Нұғымаров аудан әкімі болып тағайындалды

Айбек Нұғымаров