USD
USD
USD

Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы жіберілді

Қазақстан Республикасы Үкіметі 2024 жылы Парижде өткен XXXIII жазғы Олимпиада және XVII жазғы Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы беру туралы қаулы қабылдады.

Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлері
Фото: Ақорда

Алматы, NEGE. Қаулыға сәйкес, Үкімет резервінен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төлемдер жіберілді. Барлығы 49 спортшы мен 63 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес мынадай мөлшерде ақшалай сыйақылар қарастырылған:

1-орын — 250 000 АҚШ доллары;

2-орын — 150 000 АҚШ доллары;

3-орын — 75 000 АҚШ доллары;

4-орын — 30 000 АҚШ доллары;

5-орын — 10 000 АҚШ доллары;

6-орын — 5 000 АҚШ доллары.

Ақшалай сыйақы жүлдегерлердің бірінші, жеке және бас жаттықтырушыларына да беріледі. Сонымен қатар Олимпиада мен Паралимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қолдау көрсетіледі.

Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер ұсынады.

Қазір оқып жатыр

Астанада тұрақта тұрған тағы бір көлік өртке оранды

Өртке оранған көлік

Перизат Қайраттың туысынан Дубайда құны 5,9 млн доллар болатын жеті пәтер анықталды

Перизат Қайрат

СІМ соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандықтың елшілікке жеткізілетіні туралы ақпаратты теріске шығарды

СІМ

Ыстамбұлда жеті қабатты үйдің үш қабаты опырылып, екі адам қаза тапты

Опырылған ғимарат