USD
USD
USD

Өлім жазасы жойыла ма?

Парламентте өлім жазасының күшін жоюға бағытталған құжат талқыланды. 

Өлім жазасы жойыла ма?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өлім жазасының күшін жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші Факультативтік хаттамасына Қазақстан Республикасының ескертпесімен 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йорк қаласында қол қойылған болатын. Хаттама елімізде өлім жазасын жою жөніндегі халықаралық міндеттемелерді қабылдауына бағытталған. Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті заң жобасы бойынша 2021 жылдың 23 маусымға дейінгі мерзімде қорытынды әзірлеуге дайын», - деді депутат Мұхтар Ерман Мәжілістің жалпы отырысында.

Еске сала кетейік, 23 қыркүйекте Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттамаға қол қойды .

Кейіннен ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Қазақстанның аталмыш халықаралық пактіге қосылуына қатысты түсініктеме берді.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1) және 2) тармақтарына сәйкес өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік екінші хаттаманы ҚР Парламенті міндетті түрде ратификациялауы тиіс, өйткені ол адамның және азаматтың құқықтары және бостандықтарымен байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелерді белгілейді. Осылайша, аталған халықаралық шарт ҚР Парламентімен ратификациядан өткеннен кейін ғана күшіне енеді», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп