USD
USD
USD

Олигарх Машкевич пен Ақтөбе облысының әкімі Тоғжановтың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр

Әлеуметтік желіде олигарх Александр Машкевич пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың видеосы тарады. 

Олигарх Машкевич пен Ақтөбе облысының әкімі Тоғжановтың видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Видеода Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың Александр Машкевичті құрақ ұшып қарсы алып жатқаны байқалады. 

Аталмыш кадрлар Ақтөбедегі қайта қалпына келтірілген Жеңіс аллеясының ашылу салтанатында түсірілген болса керек. 8 қарашада Ақтөбедегі Жеңіс аллеясы қайта жөнделіп, халық игілігіне берілген.

«Салтанатты шараға облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ERG Директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, ардагерлер мен ықшамауданның тұрғындары қатысты.  Ақтөбе облысы әкімдігі мен ERG арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Жеңіс аллеясын жөндеуге 90 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді», – делінген Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми сайтында. 

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі