Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ольга Рыпакованың қызы ел чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың қызы Анастасия Алматыда өткен 18 жасқа дейінгілер арасындағы жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды.

Ольга Рыпакованың қызы ел чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Анастасия ұзындыққа секіру және 4 х 100 метр қашықтыққа эстафеталық жарыста тұғырдың биігінен көрінді. 

Altaynews.kz мәліметінше, Анастасия  алғаш рет осы қыста Өскемен қаласында өткен ел чемпионатында көзге түскен. Ол кезде жас спортшы 6,14 метрге секіріп, барлығын таң қалдырған. Сондықтан көпшілік оған үміт артып, жаңа рекордтар күтті.

Дегенмен жеңіс Анастасияға оңай келмеген. Бастапқыда Анастасия 5 мүмкіндіктің тек біреуін ғана сәтті орындап, 5,64 метрге секірді. Ал қарағандылық Елизавета Федорук 5,83 метр нәтижемен көш бастады.

"Бірақ жұлдызды ананың қайсар мінезі Анастасия Рыпаковаға өткен. Ең соңғы, алтыншы секірісте ол  бірден 5,96 метрге секірді. Ал Федорук соңғы секірісте 5,57 метр ғана бағындырды. Анастасия Рыпакова ел чемпионы болды", - деп хабарлайды Altaynews.kz.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА