USD
USD
USD

«Ол унитазға бетімен құлады»: Бишімбаев Салтанат Нүкенова қайтыс болған күнгі оқиғаны баяндады

Бүгін Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық сотында Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Астана, NEGE. Сот барысында экс-министр қылмыс болған күннің оқиғасын баяндауда. Бишімбаевтың айтуынша, ол әйелі Салатанат Нүкеноваға ауыр дене жарақатын салмаған. Сол күні араларында кикілжің болған. Ол Салтанат Нүкенованың өзіне дауыс көтеріп, айғайға басқанын айтты. Қуандық Бишімбаев өздері отырған «БАУ» мейрамханасының VIP бөлмесінің сыртында жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан жұмыскерлер жанжалды естімесін деп, оған дәретханаға кіріп сөйлесуді ұсынған. Дәретхана ішінде екеуінің жанжалы жалғасқан.

«Ол тепе-теңдікті сақтай алмай, унитазға қарай бетімен құлады. Ол қабырғаға соғылды, яғни ол құлай бастағанда қабырға оң жақта болды, солай қабырғаға соғылды, қабырғаға қолын тіреген кезде унитазға бетімен құлады. Өте қатты соққы алды, ол унитаздан тұрмақ болғанда еденге құлады. Осындай екі соққы болды», - деді Бишімбаев. 

Оқиға болған күні Бишімбаев көріпкелге телефон соғып, Салтанаттың оянбай жатқанын айтқан. 

 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар