USD
USD
USD

«Ол сотта да жеңіп, ақталып шығамын» – Айыпталушылардың бірі Шерзаттың өлімінен кейін басқа іс бойынша 7 жылға сотталған

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр. 

Шерзат Болат
Фото: Жоғарғы сот

Алматы, NEGE. Бүгінгі сот отырысында айыпталушы Азамат Тоқтаубаевтан жауап алынып жатыр.

Мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай сотталушы Азамат Тоқтаубайдың Дархан Әскентайға қатысты берген бірінші айғағына байланысты бірнеше сұрақ қойды. Ол өз жауабында Дархан Әскентайға қатысты жалған айғақ бергенін мәлімдеді.

Айыпталушы прокурордың сұрақтарына жауап беру барысында Шерзат Полаттың қазасынан кейін екі апта өткен соң басқа іс бойынша сотталғанын растады. Оқиға болған кезде сотталушы Азамат Тоқтаубаев үйқамақта болған. 

Белгілі болғандай, өткен жылдың қазан айында ол қасақана ауыр дене жарақатын келтіргені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Азаматтың айтуынша, мұндай қатаң жазаға Шерзаттың резонанстық ісі себеп болған. Яғни, дәлелдер болмаған, ал ол өзінің қылмысқа қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

«Қазір мен Жоғарғы Сотқа шағым түсірдім. Ол сотта да жеңіп, ақталып шығамын», – дейді Токтаубаев сенімді түрде.

Шерзат Полаттың қылмыстық ісі бойынша Азамат Тоқтаубаев «Бұзақылық» (293-бап 3-бөлігі) бабымен айыпталып жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар