«Ол – кісі өлтірген қылмыскер» – Байжанов сот залында Бишімбаевпен жанжалдасып қалды
Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.
Алматы, NEGE. Бүгінгі сотта Бишімбаев Байжановтың өзін бопсалап жатқанын мәлімдеді. Бишімбаевтың айтуынша, Байжанов оны ата-анасының пәтеріне қатысты бопсалап жатқан көрінеді. Пәтер Бақытжан Байжанованың атына тіркелген.
Бишімбаевтың мәліметінше, ол пәтердің құжатын өзінің мүсәтір спиртін алып келгенін, VIP залда 10 минут болғанын, Нүкенованың ұйықтап, қорылдап жатқанын көргенін куәліктен алып тастаған кезде беретінін жеткізген.
Сот барысында Бишімбаевтың адвокаты Байжановтан пәтерді Бишімбаевқа беру ниеті бар-жоғын сұрады.
Байжанов «иә» деп жауап берді, алайда оның іске қатысы жоқ екенін атап өтті.
Бақытжан Байжанов Бишімбаевтың «қылмыскер» екенін бірнеше рет эмоционалды түрде мәлімдеді.
«Бір құжаттар туралы айтып отыр. Егер Бишімбаевты тыңдасақ, мына жерде жәбірленушідей отыр. Ол – кісі өлтірген қылмыскер ғой, негізі», - деді Байжанов ашуланып.
Прокурор Байжановтан «қылмыскер» деп айтқан кезде нені меңзегенін сұрады.
«Ол кездегі Бишімбаев басқа еді, қазіргі Бишімбаев басқа», - деді Байжанов.
Байжановтың айтуынша, Бишімбаев Салатанат қайтыс болған күні істеген ісіне өкініп, балалары мен ата-анасы туралы ойлап, көзіне жас алған. Алайда, қазір Бишімбаев өз сөзін өзгерткен.